«Қазақтелеком» АҚ – Қазақстан Республикасының жалпы пайдаланылатын телекоммункиация желісінің жетекші операторы
«Қазақтелеком» АҚ компаниясы ҚР байланыс операторларының 110 астам желісінің өзара әрекет етуін қамтамасыз етеді және оларға телекоммуникация желілерін қосу мен желіаралық трафиктің өтуі, Интернет желісіне қосылу мен арналарды жалға беру жөніндегі қызметтерді ұсынады.
«Қазақтелеком» АҚ 2007-2009 жылдарған арналған Компанияны дамыту жоспарының аясында, «оператордың операторы» бағдарламасын жүзеге асыруды, атап айтқанда бөгде операторлардың желісін қосу бойынша қолданыстағы проблемаларды шешу үшін бірқатар шаралар қабылдауды, операторларды қосуда «анағұрлым қолайлы» тәртіп құруды және Интернет желісіне қосылу қызметін көрсетуде өзара тиімді талаптар қоюды көздеп отыр.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің телекоммуникация саласын ырықтандыру бойынша өткізетін бағдарламасын қолдай отырып, «Қазақтелеком» АҚ қосу үдерісінің қолайлы болуын және барынша оңтайландыруды жүзеге асырады.
Сонымен қатар, компания байланыс операторларымен өзара әрекет ету және қосылу мәселесіне қатысты нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге белсенді түрде қатысады.
«Қазақтелеком» АҚ телекоммуникация желісіне байланыс операторларының желісін қосу мәселелері жөніндегі анықтамалық ақпарат және нормативтік құжаттар порталдың келесі беттерінде берілген:
Серіктестік бағдарламасы:
«Қазақтелеком» АҚ байланыс опаторларына, жергілікті телефон байланысы операторларының абоненттеріне «Megaline» брендісімен Интернет желісіне кең жолақты қосылу қызметін ұсына отырып, бірлескен бизнесті серіктестікпен дамытуды ұсынады. Әрі қарай оқыңыз
Желі ресурстарын анағұрлым тиімді пайдалану үшін ІР-трафикпен тікелей ауыстыруды жүзеге асыру мақсатында, ауысу орталығы жабдығына қазақстандық алғашқы интернет-қызмет провайдерін қосу, желілік деректер пакетін беру мен арналарды жүктеу уақытын қысқарту әрі қарай оқыңыз
Операторлар арасында өзара әрекет ету мәселелері жөнінде «Қазақтелеком» АҚ байланыс операторларымен келісім Департаментінен (727) 258-74-00, 258-74-02, 258-74-03 телефондары, e-mail: operator@telecom.kz арқылы қосымша кеңес алуға болады.