"Қазақтелеком" АҚ көрсететін қызметтер
"Қазақтелеком" АҚ түрлі санаттағы пайдаланушылардың жоғары талаптарын қанағаттандыратын байланыс қызметтерінің көптеген түрлерін ұсынады. Республиканың қай түпкірінде болсаңыз да, әрі кез келген уақытта, біздің компанияның телекоммуникациялық қызметінің сан қилы түрлерін алуға болады.
Тұтынушыларға мынадай қызметтер ұсынылады:
- дауыстық телефонияның барлық негізгі қызметтері (жергілікті, қалааралық, халықаралық);
- телеграф және телекс;
- мәліметтер жөнелту торабының қызметі, Internet-ке қосылу қызметі;
- Бизнес клиенттерге арналған телекоммуникация қызмет;
- Парасаттық желі;
- Tarlan Card – алдын ала төленген телефон картасы;
- сым арқылы радио хабарын тарату.
- ДВО қызметі (қызмет көрсетудің қосымша түрі) – «Қазақтелеком» АҚ бөлімшелерінің сайтарынан қараңыз
"Қазақтелеком" АҚ Қазақстанның бүкіл аумағында телекоммуникация қызметтерін көрсете алатын жеткілікті түрде дамыған орталықтар желісі бар иекомпания, ол әлемнің кез келген түпкіріне телефон соғуыңызға, телеграмма жіберуіңізге, Интернет желісі қызметін пайдалануыңызға, анықтамалық ақпарат алуыңызға, телефон аппаратын сатып алуыңызға мүмкіндік береді.
Қош келдіңіздер!
|